C:\Users\маслихат\Desktop\Сайт\Құрметті азаматтар окончательный\81. Сатибалдиев Азат Корганович.jpg

Сатыбалдиев Азат Құрғанұлы 1938 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкет ауылында туылған. Ұлты өзбек. 1945-1955 жылдар аралығында Ленин атындағы орта мектепте оқыған. 1956-1961 жылдары Ташкент ауылшаруашылығы институтында білім алды.

Еңбек жолын 1961-1963 жылдары Сайрам аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы болып, 1963 жылы Сайрам аудандық партия комитетінің жолдамасымен «Манкент» демалыс үйінің қосалқы шаруашылығында агроном қызметінде, 1965-1966 жылдары «Манкент» демалыс үйінің қосалқы шаруашылығының директоры, 1966 жылдың шілде айынан «Манкент» демалыс үйінің директоры, 1984 жылы Кәсіподақтардың республикалық Кеңесі «Манкент» демалыс үйі пансионат етіп қайта құруына орай, Бас директор қызметіне тағайындалды. Зейнетке шыққанға дейін осы қызметті атқарды.

Сайрам ауданының Құрметті азаматы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ «Қазақ кәсіподақ ұйымының» республикалық курорт басқармасының, Бүкілодақтық курорт басқармасының, Бүкілодақтық кәсіподақтар одағының т.б. Құрмет грамоталарымен марапатталған.