Сапарбай Өтемісұлы 1943 жылы 3 мамырда ӨзКСР Ташкент облысы Бостандық ауданында туған. Қазақ. Құрманғазы атындағы Өнер институтының актерлік факультетін бітіргөн (1967), актер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1960-1963 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында сахна жұмысшысы. 1967 жылдан бері -Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы қазақ музыкалық-драма театрының актері. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1980). «Парасат» орденімен (2010); Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Кеңес грамотасымен (1990); классикалық спектакльдер арасындағы II дәрежелі (Н.В. Гогольдің «Үйлену» пьесасындағы Подколесиннің рөлі үшін), I дәрежелі (М. Шатровтың «Осылай жеңеміз» пьесасындағы В.И. Лениннің рөлі үшін) дипломдармен марапатталған. Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Өркендеуші». Хоббиі — кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті — А. Құнанбаев. Үйленген. Жұбайы — Нығыметова Сара (1941 ж. т.), зейнеткер, Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтының аға оқытушысы, Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрының вокалдан оқытушысы