Салықбаев Әуесхан 1929 жылы 20 мамырда Арыс қаласында туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілген. Алматы инженерлік теміржол институтын 1983 жылы бітірген

Еңбек жолын 1944-1950 жылдары — Арыс стансасында вагон тіркеуші, техникалық кеңсе қызметкері болып бастаған. 1950 жылдан жол кезекшісі, механикаландырылған комплексті бригада бригадирі. 1961 жылы ол механикаландырылған төбешік кезекшісі мен маневрлік диспетчер қызметтерін қоса атқарудың бастамашысы болды. Басқарған ұжым өндіріске еңбектің озық әдістерін, әсіресе составтарды ажырату және құрастырудың түйдекті тәсілдерін енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі екі еседей арттырды.

1961 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісін, 1966 жылы «Еңбек Ері» атағына ие болған басшы қызметін атқарды. 1975 жылы теміржолда сіңірген еңбегі бағаланып Салықбаев Әуесхан есімі Қазақстан Республикасының  «Алтын кітабына» жазылды. Екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордені,  «Қазан революциясы» орденімен 1976 жылы, «Еңбектегі озаттығы үшін» медалімен 1954 жылы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл» медалімен 1970 жылы марапатталды. 1971-1979 жылдары Арыс стансасының бастығы, 1979-1993 жылдары зейнетке шыққанға дейін Шымкент темір жолы бөлімшесінің Қазақ Жоғарғы Совет депутаты, Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы. 2005 жылы «Отан» орденімен наградталған.

Басқа наградалары

    «Еңбек Қызыл Ту» ордені

    «Социалистік Еңбек Ері» (1966)

    Медальдар