http://userscontent2.emaze.com/images/1ce61dea-3f43-4895-8b9f-7cea371651a9/fccd1182-c31b-4d6b-bfdc-e4da9fb12643.jpg

Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983). Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1984). Түркия Президентінің «Түркі еліне қызыметі үшін» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1949 жылы Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1949—1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ орта мектептерінде директор, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, 1953-1954 жылдары ҚазМУ-дің аспиранты, 1955—1959 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі болған.

1960—1972 жылдары әдебиет тарихы және теориясы мәселелері бойынша «Әдебиет пен өмір», «Роман және заман», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағылымы» тәрізді кітаптары, «Қазақ романы», «От легенды к роману», «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» монографиялары жарық көрді.

1961 жылы кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»),

1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды.

1968—1970 жылдары ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы,

1973-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА тартып, «Жастық кешуі» (1966), «Солдат сыры» (1968), «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады.

Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан» орденімен марапатталған.