Орынбай Рахманбердиев 1943 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының эксдепутаты.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Ленгер азық-түлік комбинатының басшысы, Ленгер қаласының «Ақмаржан» АҚ-ның президенті, облыстық мәслихат хатшысы болды.

Сенатта Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, «Достық» депутаттар тобының, «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастығы комитетінің, Қытай Халық Республикасының Жалпықытайлық халық жиналысымен ынтымақтас топтың мүшесі болды.

«Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі.«Парасат» орденімен (2004); «Ерлік еңбегі үшін». В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған