Оңғаров Құдайберген 1927 жылы мамыр айында Төлеби ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында туылған, 1942-1947 жылдары «Қызыл жұлдыз» совхозында есепші, 1947-1950 жылдары Георгиевка (қазіргі Төлеби ауданы) ауданының бас бухгалтері болып қызмет атқарған. 1950-1954 жылдары 1 Май МТС-де бас бухгалтер, 1955-1958 жылдары Чапаев атындағы колхоздың бастауыш партия ұйымын басқарған. 1958-1960 жылдары Партия совет мектебінің тыңдаушысы, 1961-1973 жылдары Большевик атындағы колхоздың төрағасы, 1974-1988 жылдары аудандық ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және сапа инспекциясының бас инспекторы, 1988 жылы Республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан.

«Ерен еңбегі үшін», «Октябрь революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, түрлі дәрежедегі 10 медальдармен наградталған