Марат Нұрбеков 1942 жылы 25 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарасу ауылында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1972), заңгер-құқықтанушы. КОКП мүшесі (1965-1991). 1959-1967 жылдары — ҚазКСР 30 жылдығы атындағы ұжымшардың жұмысшысы; Кеңес Әскерінің қатарында қызметте; Алматы қалалық Айналадағы тәртіпті қорғау басқармасының милиционері. 1972 жылдан — Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1977 жылдан — Маңғышлақ облыстық соты төрағасының орынбасары. 1982 жылдан — Маңғыстау облыстық әділет бөлімінің бастығы. 1987 жылдан — Шымкент облыстық сотының төрағасы. 1991 жылдан — ҚР әділет министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1997 жылдан — Алматы облыстық сотының төрағасы. 1999 жылдан — Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2003 жылдан — Апматы қалалық соты азаматтық істер алқасының төрағасы. Қызметінен босатылған судья. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Судьялық қазылар алқасының мүшесі. Әділет біліктілік алқасының бірінші төрағасы. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, 4 медальмен, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған. ҚР Құрметті судьясы