Немченко Валентин Иванович 1927 жылы Украина, Днепропетровск облысы Котов аулында туған. Құрылыс инженері, 1952 жылы Днепропетровск инженер-құрылыс институтын бітірген. 1959–1973 жылдары «Шымкент промстрой» тресінде бас инженер, басқарма бастығы болып еңбек етті. 1973–1978 жылдары «Алматықұрылыстаудың» бас инженері, Шымкент қаласындағы «Главюгстрой» бастығы. 1978–1987 жылдары облысы атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1987 жылдан облыс әкімі жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.