1927 жылы 17 мамырда ОҚО Төлеби ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.

Москвадағы Ленин орденді Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітіргеннен соң әртүрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды: Тұрбат МТС-нің бас агрономы, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, Қазақстан Компартиясы Қаратас аудандық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, кеңшар-ұжымшар аймақтық басқармасының бастығы, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Қазақстан Компартиясы Бөген аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1976-1987 жылдары облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде жүріп дендробақтың салынып, көркеюіне үлкен үлес қосты.

Халық Депутаттары Шымкент қалалық Кеңесінің 21 шақыруындағы 1992 жылғы 20 маусымдағы XIV сессиясының № 246 қаулысымен Т.Назарбековке, дендробақ және демалыс аймағын құрып, көріктендіруге қосқан зор үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді