C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\35. Мәуленқұлов Сах Мәуленқұлұлы.jpg

Сах Мәуленқұлұлы Мәуленқұлов 1926 жылы 15 маусым, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық даңқты ардагер кенші. Тау-кен саласындағы жаңа технологияларды енгізуге өз үлесін қосқан КСРО өнертапқышы. Қазақ КСРның Еңбек сіңірген құрметті кеншісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). Тоғызыншы бесжылдықтың үздігі. «Шахтер Даңқы» құрметті белгісінің толық иегері. Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы «Отан» орденінің иегері. Оңтүстік Қазақстан облысының және Кентау қаласының Құрметті азаматы.

Толығырақ

1944 жылы Шымкент тау-кен техникумына түседі. Осы оқу орнын бітірген соң «Мирғамсай» шахтасында екі жылдай жұмыс істейді. 1946 жылы Алматы тау-кен институтының геодезиялық факультетіне оқуға түсті.

1958 жылы Қызылорда облысында зауытының директоры «Aralsulfat» болып тағайындалды. 1970 жылы КСРО түсті метталлургия министрлігінің жарлығымен «Ачполиметалл» комбинатының бас инженері болып тағайындалды.

Мемлекеттік марапаттары

1970 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені;

КСРОның «Еңбек қызыл ту» Ордені;

КСРОның «Шахтер даңқы» белгісі;

КСРОның өнертапқышы құрмет белгісі;

КСРОның Еңбек ардагері медалі;

Қазақ КСР еңбек сіңірген құрметті кеншісі (құрметті атағының иегері);

«Ұлы отан соғысына 60 жыл», «Ұлы отан соғысына 65 жыл» , «Ұлы отан соғысына 70 жыл» медальдары;

2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

2015 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі;

2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» құрметті медалі;

«Отан» ордені.

Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Кентау қаласының Құрметті азаматы.