https://i.kapital.kz/c/4ebfa5e04fddfe1c62391b3fe1810974/n/1280/960/9/1/b/4/a/b202e697acd515ddbe46a6a9f4c.jpg

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген. 1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтер атқарған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009-2015 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015-2017 жж – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі, 2018 жылғы 10 қаңтарда Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

Наградалары

«Құрмет» ордені

Орден «Дружбы» (Ресей) және медальдар.