C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\131.Мырзабаев Сайлаубай.jpeg

Мырзабаев Сайлаубай 1937 жылы 8 қыркүйекте Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылында туған.

Мырзабаев Сайлаубай өзінің ұстаздық жолын өзі білім алған алтын ұя М.П.Окороков атындағы мектептен бастады. 1963 жылы Т.Бигелдинов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1965-1970 жылдар аралығында Сарыағаш аудандық білім бөлімінде аға инспектор, Сарыағаш аудандық білім беру қызметкері, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып абыройлы қызмет атқарды.

1965 жылы С.Мырзабайұлына «Қазақстан Республикасының Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді. 1970 жылы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1972-1981 жылдары ауылдық жерлерде 18 жаңа мектеп салынып, жас жеткіншектердің игілігіне ұсынылды. Бұл көрсеткіш облыс, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болды. Аудан, ауыл мектептерін жаңа оқу жылына әзірлеу Социалистік жарасында 7 рет облыста, 4 рет республикада, 2 рет Одақта жеңімпаз атанды.

Ұзақ жылдардағы мінсіз қызметі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері», «СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері.