C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\87. Мелдеханов Өмірзақ Пердебекұлы.jpg

Мелдеханов Өмірзақ Пердебекұлы 1953 жылы 20 сәуірде дүниеге келеген. Білімі  жоғары, 1976 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын, 1989 жылы Ташкент мемлекеттік университетін, 1989 жылы АҚШ тынық мұхиты жағалауының университеті, 2010 жылы Шымкент университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: химик-технолог, химия пәнінің мұғалімі, банк ісі, заңгер.

Еңбек жолын 1976-1980 жылы Шымкент қаласында «Шымкентстрой» тресінің жүк артушысы, шебері, бөлім бастығы болып бастаған. 1981-1984 жылдары Семипалатинск қаласында «Семипалатинсктяжстрой» бірлестігінің «Жезкенттяжстрой» тресі басқарушысының орынбасары, 1984-1986 жылы Алматы қаласында «Алматыпромснаб» басқарма бастығының орынбасары, 1986-1987 жылдары Шымкент қаласында ЖБИ-1 зауыты директорының орынбасары, 1987-1989 жылдары Шымкент қаласында «Агропромстрой» бірлестігі әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы, 1989-1992 жылдары Шымкент қаласында «Шипагер» көпсалалы ғылыми-өндірістік фирмасының бастығы, 1992-1996 жылдары Шымкент қаласында «Казфармбиопром» Қазақ мемлекеттік концерні бас директорының орынбасары, 1993-1996 жылдары Шымкент қаласында «Фармбиопром» бас директоры, химия-фармацевтикалық зауытының директоры, «Касуб» банкінің Бақылау кеңесінің төрағасы, 1998-2000 жылдары Шымкент қаласының облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, 2000-2005 жылдары Шымкент қаласында «Южмаш» Бақылау кеңесінің, «Пресс-Автомат» ЖШС, «Нұр» медиа холдинг директорлар кеңесінің төрағасы, 2005-2006 жылдары Шымкент қаласының Абай аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы, 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін , Шымкент қаласының «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып қызмет атқарып келуде.

Өмірзақ Пердебекұлы еліміздің бірнеше обылыстарында жоғары деңгейде қызмет атқарған сыйлы азамат. Қазіргі сәтте қызмет жолын Шымкент қаласының өркендеп өсуіне арнап жатыр. Өмірзақ Пердебекұлы елбасы саясатын ел ішінде уағыздап, қолдау, жүзеге асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.

Өмірзақ Пердебекұлының атқарған ерен еңбектері мынадай мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтарына ие: «Құрмет» ордені, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттары, «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»,, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасы, «ҚР ҰҚК Шекара академиясына 80 жыл» мерекелік медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі.