C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\30.Ирисметов Махмуджан Пайзахметович.jpg

Махмуджан Пайзахметұлы Ирисметов 1936 жылы туған, Шымкент қаласы. Ғалым, химия ғылымының докторы, профессоры, 1961 жылы Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. 1961 – 1963 жылдары Шымкент химия зауытында шебер, топ жетекшісі, диспетчер, 1963 – 65 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы, 1965 жылдан ҚР ҒА Химия ғылымдары институтында аспирант, кіші жетекші, бас ғылыми қызметкер, табиғи байланыс химиясы зертханасының «Химфарм» АҚ жанындағы бөлімінің жетекшісі.

6 ғылым кандидатын тәрбиелеген. 180-нен астам еңбегі жарық көрген. Қ.Сәтбаев атындағы және «Еңбек ардагері» медальдары бар.