C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\12. Махатова Рыскүл.jpg

Махатова Рыскүл Махатқызы 1921 жылы 16 ақпанда Шардара ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 12 жасынан бастап колхозға мүше болып кіріп, колхозшы болып жұмыс істеді.

Жұмысқа деген іскерлігінің арқасында 15 жасында Ленин атындағы премия алған. Соғыс жылдарында өзінің звеносымен гектарына 63 центнер мақта өнімін жинаған.

1943 жылы гектарына 83 центнер мақта өнімін алып, сол үшін «Ленин» орденімен наградталған. 1946 жылы еңбегінің арқасында әр гектардан 123 центнерден мақта өнімін алып, 1947 жылы «Социалистік Еңбек Ері» мен «Ленин» орденімен наградталған. 1948-1952 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар университетінде оқыған. 1954 жылы Қызылорда қаласында қыздар педагогикалық училищесінде директор болып жұмыс атқарған. 1954-1956 жылдары Киров ауданында колхоздың председателі болған. 1957-1960 жылдары “Көлтолған” мектебінің директоры қызметін атқарған. 1960-1967 жылдары “Димитров” мектебінің директоры қызметін атқарған. 1967-1973 жылдары Талғат Бигелдинов атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 1973 жылдан 1985 жылға дейін “Чапаев” атындағы балабақшаның меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққан.

15 қазан 2006 жылы 86 жасына қараған шағында дүниеден өткен.