https://myaktobe.files.wordpress.com/2010/12/1100.jpg

Ливенцов Василий Андреевич 1914 жылы 16 қаңтарда Сырдария облысының (кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы) Белые Воды селосында дүниеге келген. Білімі бойынша агроном.

Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, Алматы облысының Мичурин МТС-ның агрономы, кейін аға агрономы қызметінде болды.

1938 — 1962 жылдары басшылық қызметтерде – Алматы облыстық жер бөлімінің аға агрономы, бас агрономы, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Талдықорған, Орал облыстық комитеттерінде екінші хатшы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі болды.

1962 жылы Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, кейін Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитетін басқарды.

Шымкент қалалық Мәслихаты Депутаттар мәжілісі ІХ сессиясының 1995 жылғы 6 қазанындағы № 111 қаулысымен В.А.Ливенцовқа, облыс және қаланың экономикалық және мәдени саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Наградалары

Социалистік Еңбек Ері;

үш Ленин ордені және тағы басқа ордендер және медальдар.