C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\129.Кучаров Базарбай.jpeg

Кучаров Базарбай 1944 жылы Жыззақ облысы Фарш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы мұғалім.

1963 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітіріп өзбек тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған.

Еңбек жолын Мақтарал ауданындағы Жданов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1986-1988 жылдары осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған. 1988-1990 жылдары Жетісай аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып істеген. 1990 жылы аудандағы «XXII партсьезд» атындағы ұжымшардың партия комитетінің хатшысы болған. 1993-1994 жылдары аудандағы М.Ғабдуллин, Тұрсын-задэ атындағы жалпы орта мектептерінің директоры лауазымын атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

Кучаров Базарбай өз қаражатына ауылға «Додо Хидир» атындағы мешіт, 160 бала білім алатын медресе және 500 адамға арналған «Достық» тойханасын салдырып, аудандағы барлық қайрымдылық акцияларға өз үлесін қосып жүр. Ауданымыздағы тәжік мәдени орталығының белсенді мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облыстық «ПАНЖ» тәжік этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Бүгінгі таңға дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, Гүлістан ауылының биі.

«Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгілерімен марапатталған.