C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\86. Куликова Валентина Куприяновна.JPG

Куликова Валентина Куприяновна 1944 жылы Ресей Федерациясының
Пермь облысында дүниеге келді. 1961 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-
ағарту училищесінің режиссерлық және актерлық бөлімшесіне оқуға түсті.
1963 жылы осы оқу орнын аяқтап, Ресей театрларында өз еңбек жолын
бастады. 1964 жылы Қазақстанға көшіп келгеннен соң Семей және
Шымкент қалаларының театрларында жұмыс жасады.
1975 жылы Педагогикалық институтты «Орыс тілі және әдебиет»
мамандығы бойынша бітірді.
1978 жылдан бастап мәдени ағарту саласында ЧПО КПО «Победа»
клубының директоры, қала саяжайларының көркемдік жетекшісі, «Фосфор»
мәдениет сарайы директорының орынбасары, Көркем өнерпаздар үйінің
директоры. Сол уақыттарда Ленинград қаласындағы жоғары кәсіби өнер
мектебін бітірді. Содан кейін Қазақстандағы алғашқы ашылған өзін-өзі
қамтамасыз ететін демалыс қызметі орталығын басқарды.
Жұмыс жасаған жылдар ішінде бүкілодақтық байқауларда бірінші
орындарға ие болды, Греция, Болгария, Монголия және өзге де елдерде
болып қайтқан ұжымдарды құра білді.
Куликова Валентина Куприяновна 1992 жылдан бастап Шымкент
қаласында бірінші авторлық телеарнада жұмыс жасады. Бұл сол кездегі
5-ші арна болатын. Теледидарлық істі өз әріптестерімен бірге үйренді.
1994 жылы жеке өз алдына теледидарлық мансабын бастауға мүмкіншілік
туды. Өзінің теледидарлық саладағы шеберлігін және білімін арттыру үшін
«Интерньюс-Қазақстан» ұйымына тәжірибе алмасуға үнемі мастер-класс
сабақтарына қатысып отырды.
Сол уақыттан бастап қоғамдық жұмыстармен кеңінен айналыса
бастады. Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. Облыста
тұратын халықтардың достастығын арттыру, ұлтаралық ынтымақ пен
келісімді арттыруға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
«Бауырмал» сыйлығының иегері атанды. Үнемі ізденісте болып, өз ісін
өркендете білген ол «Әйел адам басқарған үздік мекеме» атты
республикалық байқаудың «Бұқаралық ақпарат құралдары» номинациясы

бойынша жүлделі орынды жеңіп алды. «Орта және шағын бизнес»
номинациясы бойынша «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» жүлдесінің
иегері. Ардагерлер қозғалысына тынбай еңбек етіп, үлесін қосқаны үшін
бірнеше рет Қазақстан Республикасының Ауғанстан соғысы және жергілікті
соғыс ардагерлері Одағының грамоталарымен марапатталған. Ішкі істер
әскерлерінің жағымды имиджін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін
Қазақстан Республикасының ІІМ грамотасымен марапатталды. 2004 жылы
Қазақстан Ұлттық телерадио ассоциациясының президенті болып сайланды.
БАҚ туралы заң жобасын әзірлеуге айтарлықтай үлес қосты.
Қазақстанның тәуелсіз журналистикасын дамытуға және ұлтаралық
келісімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет» орденімен,
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан
Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еңбек ардагері»
медалімен наградталған.