C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\102. Кулибаев Асқар Алтынбекұлы.jpg

Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1.7.1937 ж.т., Алматы қ.) – техникалық ғылымдарының докторы (2003). ҚР және Халықаралық инженерлік. академиясының академигі. (1992), Қазақстанның құрметті инженері. (2001).

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Қазақ политех. институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген.

Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инж., басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару к-тінің төрағасы (1983–85), Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия к-тінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс к-ті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Мин. Каб. жанындағы Материалдық қорлар жөніндегі мемлекеттік к-т төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда мин-лігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты к-тінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. «Новые ресурсосберегающие технологии модицированных строительных материалов» тақырыбында докт. дисс. қорғады. ҚР Мемл. (2003), ЮНЕСКО-ның Халықаралық сыйлықтарының лауреаты. «Отан» (1997), «Халықтар достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. [1]