C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\56. Коңырбасов Амангелді.jpg

Қоңырбасов Амангелді 1943 жылы туған, білімі жоғары, 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген, зейнеткер.

Еңбек жолын 1968 жылы Шымкент облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер ординаторы болып бастады. 1970-1976 жылдары кардиоревматологиялық орталықтың меңгерушісі, 1976-1980 жылдары функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1980 жылы А.Қоңырбасовтың белсенді атсалысуымен Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет кардиологиялық қызмет құрылды және 70 жатын орындық кардиологиялық бөлімше ашылды.

1970-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының бас кардиологы және Қазақстан кардиологтары Республикалық ассоциациясының тұрақты мүшесі болды.

Облыстық клиникалық жұмыс істей жүріп ол алғашқы рет Оңтүстік Қазақстан облысында науқастарды тексеру мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді.

А.Қоңырбасов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО денсаулық сақтау үздігі және тағы басқа наградалардың иегері.

А.Қоңырбасовқа облыстың және қаланың қоғамдық-саяси өміріне қосқан ерен еңбегі үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» берілген.