C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\18. Кабиров Николай Шамсутдинович.jpg

Николай Шамсутдинович Кабиров 25 ақпан 1931 жылы Башқортостан Уфа қаласында туған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы».

1965 жылы Қазақ химия-технология институтын инженермеханик мамандығы бойынша, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын «Ащысайполиметалл» комбинатында бастаған. 1956–1999 жылдары Кентау қаласындағы «Ащысайполиметалл» комбинатында слесарь, Кентау қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, халықтық бақылау комитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Шарапат» қайырымдылық қорының президенті, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Атқарған қызметтері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Октябрь революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.