C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\5.Исаков Махаматрасул..jpg

Махаматрасул Исаков 15.02.1927 жылы туған, Шымкент қаласы – еңбек ардагері. Шымкент ауыл шаруашылық техникумын (1946), Ташкент ауыл шаруашылық институтын (1951) бітірген. 1951 – 1954 жылдары облыстық мақта шаруашылығы басқармасында басқарма бастығының міндетін атқарушы, Сайрам мақта шаруашылығында меңгеруші болды. 1954 – 1958 жылдары Сайрам, Түркістан МТС-тарында бас агроном, директор, Түркістан ауданы ауыл шаруашылық(ғы) инспекциясының бастығы. 1958 – 1960 жылдары Қазақстан КП Түркістан ауданы комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, 1960 – 1962 жылдары Түркістан, Сайрам ауданы халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1962 – 1965 жылдары Сарыағаш аумақтық ұжымшар-кеңшар өндірістік басқармасының бастығы. 1965 – 1985 жылдары Қазақстан КП Сарыағаш, Түркістан ауданы комитетінің 1-хатшысы, 1985 – 1988 жылдары облыс әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілген (2002).