C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\73. Ильясов Молдабай Лесұлы.jpg

Ілиясов Молдабай Ілесұлы 1936 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысына қарасты Заамин ауданында туылған. 1952 жылы №25 Стаханов атындағы мектептің 7 класын бітіріп, Ташкент қаласындағы зоотехникалық –малдәрігерлік техникумына оқуға түседі. 1956 жылы білім қуған жас Москва малдәрігерлік академиясының зоотехникалық оқуын жалғастырып, 1961 жылы ғалым-зоотехник мамандығы бойынша аталған оқу орнын бітіріп шыққан.

Елі үшін еміреніп, жұрт үшін жүгіріп қызмет еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі қашан да елеулі. Киелі Оңтүстік топырағынан нәр алған тұлғалардың әрбірі өзіндік бейнесімен ерек. Халықпен бірге жасап, әлеуеттің артуында аянбай қызмет еткен ағалардың арқасында бүгініміз жарқын, ертеңімізге деген сенім мол. Қазығұрттай басына құт қонған өлкемен өсіп, ауасымен тыныстап, тіршілігін жасаған ел ағасы – Молдабай Ілесұлының еңбегін жергілікті жамағат мақтанышпен еске алып отырады. Жасы 79-ға шыққан қарияның тірлігі әлі де тың. Тарих беттерін ақтарып, кітап оқығанды жаны сүйетін жайсаң азаматпен сұхбаттасудың сәті де түсті. Оңтүстік делегациясының құрамында сонау Белоруссия еліне барып қайтқан Молдабай Ілесұлының өмірде көрген-түйгені мол. Тіпті, соғыстан қайтқан майдангерлермен қызметтес болып, бүгінде сол жылдардың естелігін еске алып отырады.