C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\128.Икрам Хашимжанов.jpeg

Хашимжанов Икрам Акрамұлы 1957 жылы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласында зиялылар отбасында дүниеге келген. 1974 жылы Шымкент облысы Бөген ауданына қарасты Хамза атындағы №30 орта мектепті бітірді. 1974-1975 жылдары Ташкент қаласындағы №2 Авиация техникалық училищесін «Ұшақтарды құрастырушы» мамандығы бойынша үздік аттестатпен бітірді. 1985-1988 жылдары Шымкент автомехникалық техникумын «техник-механик» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1975-1976 жылдары Шымкент Авиаотрядында химиялық аппараттарды жөндеуші маман болып жұмыс істеді. 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1979-1988 жылдары облыстық «Қазауылшартехникасы» өндірістік басқармасында тауармен қамтамасыз етуші жүргізуші-экспедитор және «Азаматтық қорғаныс» штабы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. 1988-1994 жылдары «Облагроөнеркәсіпкомитет» өндірісі құрамындағы Шымкент оқу-курстық комбинатында жүргізуші мамандарды даярлау бойынша мұғалім, 1994-2000 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионы коммерция және спорт істері бойынша бас директордың орынбасары, 2000-2003 жылдары «Бөбек-Камола» өндірістік кооперативінің директоры, 2003-2004 жылдары Сайрам ауданы Жұлдыз ауылы округінің әкімі, 2004-2005 жылдары Сайрам ауданы «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетасы бас редакторының орынбасары. 2013 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры қызметін атқарады.

Хашимжанов Икрам Акрамұлы 2000, 2011, 2015 жылдары-ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», 2007 жылы ҚР Президентінің II дәрежелі «Достық» орденімен, 2012 жылы ОҚО-ның 80 жылдығына орай «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталған.