C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\72. Игісінұлы Бейсенбек.jpg

Игісінұлы Бейсенбек 1924 жылы 5 мамырда Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Қосақжар селолық Советіне қарасты Тұрмыс колхозында дүниеге келген.

Ленинград қаласындағы қаржы-экономикалық интитутын қаржы-экономика мамандығы бойынша бітірген.

1942 жылы қыркүйек айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Калинин, Балтық теңізі, Кенисберг бағыттарындағы майдандарға қатысқан. Майданда көркеткен ерліктері жоғары бағаланып орден, медальдармен марапатталған.

Еңбек жолын 1950 жылы Шаян аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік аға кіріс инпекторы болып бастаған. 1952-1987 жылдары Алғабас аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1987 жылдан бастап республикалық дәрежедегі құрметті зейнеткерлік демалыста.

Б.Игісінұлы қызмет атқарған уақыт аралығында аудандық қаржы бөлімі бірнеше жыл социалистік жарыстың жеңімпазы атанып келді. Атап айтқанда бүкіл одақтық социалистік жарыстың жеңімпазы туын 3 рет, республикалық жарыстың жеңімпазы туын 12 рет жеңімпазы болған.

2002 жылдан бастап аудандық билер алқасының төбе биі болып сайланған. Қазіргі таңда ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, жас өспірімдерді адамгершілікке, ізгілікке, отан сүйгіштікке және имандылыққа шақыру бойынша жұмыстарға ат салысуда.