C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\127.Ибрагимов Сатыбалды Тіләмісұлы.jpeg

Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов (13.3.1940 жылы туған, Сайрам ауданы Қарасу ауылы) – ғалым, экономика ғылымының докторы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің эксдепутаты. Днепродзержинск қаласындағы (Украина) №8 кәсіптік-техникалық училищені (1959), Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып бастап, басшылық қызметтер атқарды. 1988 – 2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті болды. 2001 жылдан Еуроазиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі. Мәжілісте экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі болған.