C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\120.Жүнісов Тойым Жүнісұлы.jpeg

Тойым Жүнісұлы Жүнісов (28.10.1938 жылы туған, Шардара ауданы Байырқұм ауылы). Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру институтын бітірген (1961). Мамандығы инженер-механик.

Еңбек жолын Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы «Шошқалы» кеңшарында аға механик болып бастаған. 1962 – 70 жылдары Жетісай ауданының Тельман атындағы ұжымшарында, Киров аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында, «Өзбекстанның 40 жылдығы» кеңшарында бас инженер, 1970 – 73 жылдары «Мақталы» кеңшарында партком хатшысы, Киров аупарткомында ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1975 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, халық депутаттары Киров ауаткомы төрағасының бірінші орынбасары, Ленин аудандық ауаткомының төрағасы, Келес аупарткомының бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Кейін «Победа», «Мақташы» кеңшарларының директоры болды.

«Құрмет» орденімен, Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, бірнеше мемлекеттік белгілермен марапатталған.

Мақтаарал ауданының Құметті азаматы.