http://www.peoples.ru/state/politics/bolat_zhylkyshiev/zhylkyshiev_1.jpg

Болат Әбжапарұлы Жылқышиев 1957 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Қазақтың химия-технология институтын, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін тәмамдаған. Инженер-механик, инженер-экономист. Экономика ғылымының кандидаты.

Шымкент облысы Бөген ауданы Күрішкеңшар құрылысы бас мекемесінің «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінде шебер, инженер, аға инженер, бас механик, Шымкент қалалық партия және кеңес органдарында, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің басшысы, Тараз қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің Департамент бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау және Шымкент қалаларының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ««Қазатомөндірісі» Ұлттық атом компаниясы» АҚ вице-президенті болып қызмет істеген. IV, V шақырылымдардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

III дәрежелі «Барыс» орденімен, бес медальмен марапатталған.