C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\29. Жолдасов Аштар Қамардинұлы.jpg

Әштар Камардинұлы Жолдасов 1927 жылы Арыс қаласында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығының маманы. 1951 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 1960 жылы СОКП Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Қазқаракөл» тресінде аға зоотехник болып бастаған. 1953 жылы Шымкент қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1954 жылы облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық(ғы) бөлімінің нұсқаушысы болды. 1960 – 1994 жылдары Мақтаарал ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық ауыл шаруашылық(ғы) өнімдерін өндіру және дайындау басқармасы бастығының 1-орынбасары, Шардара ауданы атқару комитетінің төрағасы, ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, ауыл шаруашылық(ғы) қызметкерлері кәсіподағының облысы комитетінің төрағасы, облыстық мал тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру бірлестігінің бастығы қызметтерін атқарды. «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы», екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Шардара ауданының Құрметті азаматы.