C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\51. Жақсыбаев Әбдуәлі.JPG

Жақсыбаев Әбдуәлі 1933 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Амансай колхозында дүниеге келген.

1956 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін, Сарыағаш ауданындағы санитарлық эпидемия стансасында алдымен бөлім меңгерушісі, кейін бас дәрігері болды.

1961-1964 жылдары медицина қызметкерлерінің кәсіподағы Шымкент облыстық комитетінің төрағасы, 1964 жылдың тамыз айынан 1987 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және бастықтың орынбасары, ал 1987 жылдың қыркүйегінен қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып қызмет істеді.

Ә.Жақсыбаев қала халқының денсаулығын сақтауға көп еңбек сіңірді, Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және кадрларды жинақтауда, мекемені қазіргі талапқа сай медицина жабдықтарымен жабдықтауға үлес қосты.

Шымкент қалалық мәслихаттың 1997 жылғы 9 қазанындағы XXI сессиясының № 256 шешімімен Ә.Ж.Жақсыбаевқа, облыс және қалада денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.