C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\126.Жарылқасын Әзіретбергенұлы.jpeg

Әзіретбергенұлы Жарылқасын 1939 жылы 29 маусым күні Түркістан ауданы Жайылма елді мекенінде туылған. 1946-1947 жылдары оқу жылында бірінші сыныпқа барып, 1953 жылы Балтакөл орта мектебінің жетінші сыныбын бітіріп, Түркістан педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1957 жылы бітірді.

Өмір жолын 1957 жылы мектепте мұғалім болып бастады. 1968 жылы Амангелді атындағы колхоз партия комитетінің хатшысы, ұжымшар төрағасы болып, 2001 жылға дейін қызмет жасаған.

2002-2008 жылдар аралығында Н.Ондасынов мұражайының директоры болып қызмет атқарған. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы.

Кеңес үкіметі кезеңінде «Еңбек ерлігі үшін», «В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл» медальдарымен наградталған.

Тәуелсіздік дәуірімізде ҚР «Парасат» орденімен, «Тыңның 50-жылдығы», «Егемен Қазақстанның 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысып жүрген қария.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылғы, 2005 жылғы Түркістан қаласы бойынша сайлау алды штабын басқарған. 2006 жылдың 11-қаңтардағы Н.Назарбаевты Президенттікке қайта сайлау инаугурациясына арнайы шақырумен Ақордадағы ұлықтауға қатысқан.

2011 жылғы Түркістан қаласы бойынша Н.Назарбаевтың сайлау алды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне басшылық жасаған.