C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\69. Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы.jpg

Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы 1949 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. Білімі  жоғары, 1972 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: экономист.

Еңбек жолын 1966-1967 жылдары Алғабас ауданы Боралдай орта мектебінің лаборанты болып бастаған. 1967-1968 жылдары Алғабас ауданы құрылыс цехының жұмысшысы, 1968-1972 жылдары Қарағанды кооперативтік институтының студенті, 1972-1973 жылдары Алғабас аудандық тұтынушылар одағы жоспарлау бөлімінің бастығы, 1973-1975 жылдары Алғабас аудандық тұтынушылар одағы басқарма бастығының бірінші орынбасары, 1975-1976 жылдары Алғабас ауданы Жамбыл совхозы жұмысшылар кооперациясы басқармасының төрағасы, 1976-1986 жылдары Алғабас аудандық тұтынушылар одағы басқарма төрағасы, 1986-1990 жылдары Жетісай аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, 1990-1997 жылдары Шымкент облыстық тұтынушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, 1997-2009 жылдары ОҚО тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, 2009-2009 жылдары «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2009-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болған. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының «Азаматтық альянс» қауымдастығының президенті, ОҚО тұтыну кооперативтерінің одағы басқармасының төрағасы қызметін атқаруда.

Шәріпбек Жамалбекұлының облысымызға ерекше еңбегі сіңген зиялы азамат. Елбасы саясатын ел ішінде тарату, қолдау, жүзеге асыру бағытында жақсы қызмет атқарған. Партиялық мәселелерді шешуде тапқырлығымен ерекшеленген. Қазіргі таңда ОҚО тұтыну кооперативтерінің одағы басқармасына елеулі еңбек сіңіріп жатыр.

Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлының ерен еңбегі үшін берілген мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары: «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдары, «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалі, «Астанаға 10 жыл» медалі, 3 дәрежелі «Атамекен» медалі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалі, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағын алған.