C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\68. Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы.jpg

Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы 1947 жылы 29 мамырда дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1967 жылы Қапланбек зооветтехникумын, 1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы зоотехник, ғалым-зоотехник.

Еңбек жолын 1967-1972 жылдары Қарағанды облысының «Победа» құс совхозының бригадир-зоотехнигі болып бастаған. 1972-1973 жылдары Қарағанды облысының «Победа» құс совхозы №5 цехының бастығы, 1973-1975 жылдары Қарағанды облысының «Победа» құс совхозы №2 бөлімшесінің басқарушысы, 1975-1977 жылдары Қарағанды облысының «Ботқара» құс совхозының бас зоотехнигі, 1977-1980 жылдары Маңғышлақ облысының Ақтау құс фабрикасының директоры, 1980-1983 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген құс фабрикасының директоры, 1983-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан құс еті шаруашылығы өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1985-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, 1987-1995 жылдары Шымкент өндірістік құс бірлестігінің бас директоры, 1997-2005 жылдары «Оңтүстік құс» ЖШС-нің директоры, 2007-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып қызмет істеген. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазҚұсБатареясы» компаниясының президенті болып табылады.

Наградалары мен атақтары:

«Парасат», «Құрмет» ордендері, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаттары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, Еуропа Бизнес Ассамблеясының «Англия Королева Виктория» медалі, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет Грамотасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары, «Қазақстан құс өсіру сапасының құрметті қызметкері» белгісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Құрмет Грамоталары, Оңтүстік Қазақстан облысының, Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының Құрметті азаматы.