C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\99. Доброта Любовь Дмитриевна.jpg

Любовь Дмитриевна Доброта 1962 жылы туылған, білімі жоғары, «Казахстанская правда» газетінің Түркістан облысы бойынша жеке корреспонденті.

Алғашқы қызмет жолын «Южный Казахстан» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейінгі жылдары «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 1993 жылдан бастап «Казахстанская правда» газетінің Түркістан облысы бойынша жеке корреспонденті болып қызмет атқарып келеді.

Любовь Дмитриевна 1997 жылдан И.Шухов атындағы Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының лауреаты, мәдениет қайраткері.

Журналистика саласындағы мінсіз қызметінің арқасында, жарық көрген құнды мақалалары барысында «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталып, 2005 жылы БАҚ бойынша Қазақстан Республикасының Грантына ие болған.

2015 жылы «Солдатское наследие юга» атты жеке мақалалар жиынтығы жарық көрген. Жиынтықта облыстағы ерен еңбегі еленген ерекше жандар туралы жазылған очерктер, мақалалар еніп отыр.

Л.Добротаны журналистика саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.