C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\85. Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы.jpg

Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы. Профессор.

1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.

Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер-реаниматолог қызметінен бастаған.

1971-1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.

1999 — 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры.

Қазіргі таңда А.Н.Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылыми-зерттеу институты директоры лауазымын атқаруда.

Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, медициналық көмек сапасын көтеруге бағытталған.

Наградалары:

1990 – «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері» атағы;

1998 — «Астана» медалі;

2001 — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;

2002 — ҚР Президентінің Алғыс хаты;

2004 – «Құрмет» ордені, «Парасат» ордені.

«Төлеби ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтарының иегері.