C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\47. Дайырбекұлы Мүсілім.jpg

Дайырбекұлы Мүсілім 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.

1956 жылы Медицина училищесіне «Тіс дәрігері» бөліміне оқуға түсіп, жұмыстан қол үзбей жүріп, Алматы мемлекеттік медицина институтын 1967 жылы бітірді.

Еңбек еткен жылдар ішінде қатардағы дәрігерден клиника директоры қызметіне дейін көтерілді.

«Шипа-Дент» стоматологиялық клиникасы «Үздік стоматологиялық клиника» номинациясы бойынша «Сапалы қызмет көрсету» атағын бірнеше рет жеңіп алды. Германиядағы стоматологтардың Еуропалық конгресіне, Кореядағы бүкіләлемдік стоматологтардың конгресіне Қазақстан атынан қатысып тәжірибе алмасты.

80 жылдардың өзінде-ақ Республикамызда ғана емес Кеңестер Одағы бойынша да стоматология саласында алғашқы болып жаңа технологияларды батыл еңгізді. Швеция, АҚШ, Германия, Чехословакия мемлекеттерінен заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтар, ауыртпай емдейтін қондырғыларды алдыртып, халық игілігіне жаратты.

Оңтүстік өңірінде алғашқылардың қатарында Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінде зәулім мешіт үйін салдыртты. Бұл имандылық қамқорлығы күллі төлебиліктер үшін өнегелі жұмыстың бастамасы болды. Ел болашағы әлемдік деңгейде сапалы білім алу үшін қаламыздағы №77 А.Асқаров атындағы орта мектепке, Төлеби ауданындағы «Төлеби» атындағы орта мектепке компьютерлік сыныптар ашып, қамқорлық көрсетуі, «Нұр-Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының бастамасымен ұйымдастырылған телемарафонға қатысып, су тасқынынан зардап шеккен жерлестеріне 1 млн. теңге қаржылай көмек берді.

Еңбегі еленген ел ағасының осы еңбектері ескеріліп «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Құрмет» орденімен және Академик С.Королев медалімен наградталды. Қазақстан Республикасының «Құрметті стоматологы» атағының иегері.

2007 жылы Қазақстан стоматологтар Орталық клубының президенті болып сайланды. Төлеби ауданының Құрметті азаматы.