C:\Users\маслихат\Desktop\Сайт\Құрметті азаматтар окончательный\50. Бөлегенова Дәметер Тұрарқызы.jpg

Бөлегенова Дәметер Тұрарқызы 1937 жылы дүниеге келген, ҚР дербес зейнеткері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы.

Еңбек жолын 1959 жылдан Кентау қалалық сүт зауытында жас маман ретінде бастаған. 1959-1968 жылдары ет-сүт өнеркәсібінде инженер-технолог қызметінде істеген. 1968-1973 жылдары осы зауыттың директоры, 1973-1977 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық сүт комбинатының бас инженері, 1977 жылы осы комбинаттың директорлығына тағайындалады. 1992 жылы комбинат акционерлік қоғам ретінде қайта құрылған соң, осы акционерлік қоғамның президенті болды. Акционерлік қоғам 1998 жылдан «Шымкент Сүт» ЖШС-і болып өзгерген соң оның директоры болып сайланды. 2002-2004 жылдары «Сайрам Сүт» ЖШС-нің директоры.

Д.Т. Бөлегенова сүт өндеу өнеркәсібінде 45 жыл еңбек етті. Директоры қызметін атқара жүріп, әрдайым жаңа жұмыс орындарын құрып, үнемі жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартып отырды. Өндіріске озат технологияларды, жаңа сүт өнімдерін өндірді. Өндірілетін өнім түрлері 75 атауға жеткізілді. Оның басшылығымен Кентау қаласында, Ильич, Георгиевка селоларында жаңа сүт зауыттары іске қосылды. 1986 жылы Шымкент қаласында бір ауысымда 150 тонна сүт өндей алатын жаңа зауыт іске қосылды. Сүт өнеркәсібінде еңбек етуші жұмысшылардың саны 1200 адамды құрады. Шымкент, Кентау қалаларында, сүт зауыты бар барлық аудандарда тұрғын үйлер, пионер лагері және жұмысшылар үшін демалыс үйін салды.

Д.Т.Бөлегенова бірнеше рет халық депутаттары аудандық, қалалық, облыстық кеңестерінің депутаты болып сайланды. Партия съезінің республикалық және аудандық делегаты болды, 1995 жылғы Халықаралық Пекин конференциясына қатысты.