http://vecher.kz/images/news/2018/07/6-001.jpeg

Татьяна Николаевна Бурмистрова Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

1975 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін (бұрынғы Алматы медицина инистиуты) бітірген. мамандығы — дәрігер.

1978 жылы қазақ жұртшылығына «Алтыбақан» ән телебағдармаласы арқылы халық әндерін, термелерді орындау арқылы кеңінен танылған дарынды өнерпаз.

Татьяна Бурмистрова қазақтың салт-дәстүрін сақтай отырып, домбырада ұлттық әндерді шебер орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Ол Естай Беркімбаев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиевтердің сөздеріне жазылған әндер мен термелерді шебер орындайды. 2003 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Ұлттық өнер» ЖШС-нің директоры. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызыметкері» құрметті атағымен марапатталған. 2016 жылы Елбасының жарлығымен Парасат орденімен марапатталды. 2017 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағының иегері болды.