C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\121.Бопова Дүйсенкүл.JPG

Дүйсенкүл Бопова 40 жылдан астам Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің және Халық Депутаттары Кеңесінің облыстық атқару комитетінің аппаратында алдымен, ұйымдастыру-партия жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғылым және білім бөлімдерінің меңгерушілігінен бастап, облыстық атқару комитеті төрағасының мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлығына дейін өсті.

Оның жетекшілігімен білім беру саласында жаңа техникамен жабдықталған жаңа типті мектептер мен балалар бақшалары пайдалануға берілді. Мәселен, №№ 47,52,62,64 орта мектептер мен шинниктер, фосфоршылар, автомобилшілер балаларына арналған жаңа бала – бақшалары бой көтерді, диагностикалық орталық пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Д.Бопова облыс орталығында Алматы мемлекеттік медициналық институты филиалының ашылуына көп еңбек сіңірді. Оның табанды талабының арқасында № 2 балалар үйі іске қосылды.

Д.Бопова қалада көптеген білім беру нысандарының ашылуына оның қалыптасуына белсене ат салысты. Дене тәрбиесі, автомеханикалық, энергетикалық және гидромелиоративтік техникумдар, ат спорты мектебі, химиктердің кәсіптік-техникалық училищесі міне, мұның бәрін толық тізіп шығу мүмкін емес.

Өзінің қажырлы еңбегімен жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Д.Бопова «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, төрт медалімен, БЛКЖО Орталық Комитетінің және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің белгілерімен марапатталған.

Д.Бопова БЛКЖО Орталық Комитетіне мүшелікке кандидат болып сайланды. Сегіз жыл қатарынан Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің мүшесі болды, төртінші шақырымындағы Халық Депутаттары Шымкент облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Шымкент қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 1 қазанындағы ХХХІ сессиясының № 373 шешімімен Д.Боповаға, мәдениет, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытуға қосқан зор үлесі мен жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.