C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\33. Бишімбаев Қозыке.jpg

Қозыке Бишімбайұлы 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. 1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған.

Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады.

Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет Армиясы қатарына шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды.

1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп, заңсыз консульдықпен және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты.

1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды.

Қозыке Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды.

1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды.

1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызылорда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды.

Қозыке Бишімбайұлы облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол Қазақстан Компартиясы облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды.