C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\98. Бижанов Хайрулла.jpg

Бижанов Хайрулла 1930 жылы туылған, білімі жоғары, республика дәрежесіндегі дербес зейнеткер. 39 жыл бойы облысымыздың мал шаруашылығы саласында көптеген нәтижелі жұмыстарды жүргізді.

Еңбек жолын Шаян, Қаратас аудандарында МТС-тердің бас зоотехнигі, Созақ аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстың ауылшаруашылық басқарамасы бастығының орынбасары, облыстың агроөнеркәсіп комитетінің бөлім бастығы, облыстық өндірістік-аграрлық бірлестігінің бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

1990 жылы Х.Бижанов облыстық ипподромның директоры болып тағайындалды.

Жұмыс атқарған жылдары жергілікті малдардың тұқымдық түрлерін өзгертіп, асыл тұқымды сиыр, биязы және қаракөл елтірісін беретін қойға айналдыруда өз мамандығын іске асыра білді, нәтижесінде қоғамдық мал басы көбейе түсті, кеңшарлардың, ұжымшарлардың қорлары малға толды.

1986 жылы, 1988 жылы жанадан құрылған мал бордақылау кеңшарымен ет комбинаты қосылып болды.

Қазіргі кезде Х.Бижанов облыстың агроөнеркәсіп кешені ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Жемісті еңбегінің арқасында Бижанов Хайрулла «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл толуы», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша «Қазақ ССР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атағының иегері болды.