C:\Users\Маслихат\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\46.Бектаева Зоя Мұсылманқызы.jpg

Бектаева Зоя Мұсылманқұлқызы 1933 жылы Қазығурт ауданының Қазығұрт ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1956 жылы Шымкент педагогикалық училищесінің оқытушысы қызметінен бастады. Кейіннен Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1962-1967 жылдары Созақ ауданы, Құмкент ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектептің директоры болып қызмет атқарды. 1967 жылы Созақ аудандық халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

Комсомол-жастар қой шаруашылығы бригадаларына шефтік көмек көрсетті.

Бектаева Зоя 2006 жылы ОҚО ардагерлер кеңесінің мүшесі болып сайланды, сондай-ақ қазақ мәдени орталығы үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.

Еңбектегі жетістіктері үшін бірқатар медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.