https://yujanka.kz/wp-content/uploads/2018/06/Barahova.jpg

Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова. 1947 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002). Түркістан педагогикалық училищесін (1964), Шымкент педагогика институтын (1972), Алматы партия мектебін (1987) бітірген. 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97), әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.