C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\124.Балабиев Қайрат Рахымұлы.jpg

Балабиев Қайрат Рахымұлы, 1965 жылы 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туылған.

Қазақ, білімі жоғары.

1990 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент қаласы Дзержинский аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтуші болып бастаған.

1991-1994 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 1994-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары, 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы прокурорының орынбасары, Мақтаарал ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. 2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2001-2003 жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясының Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институтының директоры болып жұмыс істеген. 2003-2005 жылдары Шымкент қаласының прокуроры, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры, 2005-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2011 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университеті әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, «Әділет» демократиялық партиясы аймақтық саяси зерттеулер орталығының директоры, 2011-2012 жылдары М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Құқық пәндері» кафедрасының доценті, 2012 жылдан бері Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті «Құқықтану» кафедрасының профессоры болып табылады.

2016 жылғы қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы.

Қ.Балабиев 82 ғылыми еңбектердің, оның ішінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографияның, «Әкімшілік құқық» оқу құралының, «Қазіргі заманның гуманитарлық мәселелері – адам және қоғам» атты ұжымдық монографияның авторы.

Петров ғылым және өнер академиясының құрметті мүшесі. Оның әкімшілік құқық саласындағы зерттеулері мен ғылыми-тәжірибелік ұсыныстары Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Қ.Балабиев кәсіби іс-әрекетімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөлумен қатар, көптеген білім жобаларына қолдау көрсетіп отырады. Шымкент қаласындағы алғашқы зияткерлік «Бәйтерек» мектебінің білім бағдарламасын жүзеге асыруды қызу қолдады. «НұрОтан» партиясының мүшесі, «НұрОтан» партиясының жоғары мектебін бітірген.

Еңбектегі жетістіктері үшін І-ші дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен (2004ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен (2011, 2015, 2016 жж.), «Ұлт Даңқы» орденімен (2013 ж.), «95 лет Московскому уголовному розыску» мерекелік медалімен (2013 ж.), «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2014 ж.), «Құрмет» орденімен (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016 ж.) марапатталған.

Түркістан облысының, Кентау, Шымкент қалаларының және Мақтарал ауданының Құрметті азаматы.