http://turkistan.today/media/2018/10/09/2018_10_05_261bc43edbaee38f281393072d630e34.jpg

Балабиев Рахым Базаргелдіұлы 1936 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Сызған совхозының Төскейсаз ауылында дүниеге келген. 1954 жылы отбасылық жағдайы мен Кентау қаласына көшіп келіп, 1956 жылы Кентаудағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін бітіреді. 1958-1961 жылдар аралығында әскер қатарында болды. 1961 жылғы қазан айынын бастап Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінде жүргізуші болып қызмет атқарды. Білімі жоғары. 1966 жылы Кентаудағы тау құрлыс техникумының кешкі бөлімін бітірген. Кейіннен сырттай оқып, Мәскеу политехникалық институтының автомобиль факультетін тәмамдады. Мамандығы инженер-механик. 1967-1977 жылдар аралығында автоколона бастығы, 1977-1978 жылдар аралығында бас инженер, 1978-1984 жылдар аралығында Түлкібас жүк тасымалдау мекемесінің директоры, 1984-1988 жылдары аралығында Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінің бас инженері, 1988-2001 жылдар аралығында Кентау жүк тасымалдау мекемесінің директоры қызметтері атқарды. 1966 жылы еңбектегі үздік ерлігі үшін медалімен, 1970 жылы Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне мерекелік медалімен, 1985 жылы еңбек ардагері медалімен, 2004 жылы тың және тыңайған жерлердің игерілуінің 50-жылдығына байланысты мерекелік медалімен марапатталды. 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы берілді. Жүзден астам мақтау грамоталары бар. 2008 жылы жергілікті әскери басқару органдарына 90 жыл мерекелік медалімен марапатталды. 2006-2010 жылдары 2 рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекелік медалімен, сол жылы тағы да Ұлы Отан соғысы тыл ардагерлерінің 65 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.