Аяшев Оңалбай 1950 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Білімі  жоғары, 1971 жылы Шымкент педагогикалық институтын, 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: дене шынықтыру мұғалімі, тарих мұғалімі.

Еңбек жолын 1965-1966 жылдары Шымкент қаласында Б.Майлин атындағы мектепте аға пионер жетекшісі болып бастаған.1966-1966 жылдары Сарыағаш ауданының баспахана көмекшісі, 1966-1967 жылдары Сарыағаш ауданының спорт және дене шынықтыру әдіскері, 1967-1971 жылдары Шымкент қаласының Шымкент педагогикалық институтының студенті, 1971-1972 жылдары Шымкент қаласында Шымкент педагогикалық институтының теория және оқыту методикасы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, 1972-1975 жылдары Қызылорда облысында Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы, 1975-1980 жылдары Шымкент қаласында Шымкент педагогикалық институты кәсіподағының төрағасы, 1980-1983 жылдары Мәскеу ИФК Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, 1983-1989 жылдары Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы,1989-1991 жылдары Мәскеу қаласы Ленин орденді орталық мемлекеттік дене шынықтыру институтының докторантурасындағы оқыған, 1991-1992 жылдары дене шынықтыру басқармасы секторы аға ғылыми қызметкерінің міндеттерін атқарушы, 1991-1992 жылдары Шымкент педагогикалық институты педагогика және бастауыш оқыту методикасы кафедрасынының профессоры, 1992-1993 жылдары Шымкент педагогикалық институты педагогика және бастауыш оқыту методикасы кафедрасының деканы, 1993-1994 жылдары Шымкент педагогикалық институты оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, 1994-1994 жылдары Шымкент қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті, 1994-1996 жылдары Шымкент педагогикалық институтының директоры, 1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қ.А.Яссауи атындағы «Сырдария» жоғары колледжінің ректоры, 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жетісай оқу орталығының директоры, 1999-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік емес «Сырдария» университеті директорының орынбасары, 2007-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік емес «Сырдария» университетінің президенті, 2004-2007 жылдары Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің хатшысы, 2007-2010 жылдары Жетісай қаласында «Сырдария» университеті кафедрасының меңгерушісі, Қайырымдылық Алқасының төрағасы, 2010-2011 жылдары Астана қаласында «Самрұқ-Қазына-Астана» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары қызметінде болған. 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарып келуде.

Наградалары: «Құрмет» ордені, ҚР Президентінің Алғыс хаты, «Білім беру қызметіндегі үздік еңбегі үшін», «Білім беру құрметті қызметкері» медальдары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары.