Асанбай Аскарулы Аскаров

Асқаров Асанбай Асқарұлы 1922 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мереке ауданы, Тәті селосында дүниеге келген.

1939 -1942 жылдары Қырғызстанда Калинин ауданындағы мектепте мұғалім болып істеді. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды.

Кейін комсомол және партия органдарында 29 жыл бойы әртүрлі басшылық қызметтерде болды. Соңғы 7 жылдың ішінде Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.

Ол қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға айрықша үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен қалада маңызды бірқатар халық шаруашылығы нысандары салынды.

Халық игілігі, болашағы үшін Шымкент қаласының құрамында дендропарк, зоопарк, балалар темір жолы, ипподром бар керемет демалыс орнын салдырды.

Асқаров Асанбай 4 рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, 2 рет «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Оған «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттар мәжілісі 1994 жылғы 2 сәуірдегі І сессиясының № 1 қаулысымен А.Асқаровқа, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Шымкент қаласындағы тамаша мәдениет кешенін құрғаны үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді