Ақсұлтан Аманбаев 23.04.1940 жылы туған, Шәуілдір аулы, дәрігер.

1962 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 1974 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1962—1966 жылы Түркістандағы темір жол станциясында, 1966—1969 жылы Түлкібас ауданында, 1969—1984 жылы Қазақ клиникалық және эксперименталды ҒЗИ-нда жауапты қызметтер атқарған. 1984-1987 жылы ҚазКСР министрлер кеңесінің денсаулық сақтау және ағарту ісі Басқармасы меңгерушісінің орынбасары, 1987-1990 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, 1990—1992 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау министрі. 1998 жылдан еңбек демалысында.