https://otyrar.kz/wp-content/uploads/2017/09/%D0%A1-%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D1%8B%D0%BC-%D0%B2%D0%BE%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%BA%D0%BE%D0%BC.jpg

Әліпова Клара Төлендіқызы 1937 жылы 3 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Н.Крупская атындағы мемлекеттік педагогика институтының тарих-филология факультетін бітірген. 1959 Шымкент мемлекеттік институтын бітірген.

К.Т.Әліпова қаланың әртүрлі ұйымдары мен мекемелерінде 30 жылдан астам жұмыс істеді. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. 1959 – 1969 жылдары Шымкент қаласында орта мектеп мұғалімі. 1969 – 1973 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің партиялық ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1973 – 1986 жылдары Дзержинский ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент партия комитетінің екінші хатшысы. Облыстық партия комитетінің хатшысы. 1986 – 2001 жылдары Экономика колледж директоры. 2001 жылдан «Сымбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Облыстық, аудандық партия органдарында жұмыс істеді. Бірнеше жыл Қазақстан Компартиясы аудандық, қалалық комитеттерінің хатшысы болды. Облыстық, қалалық, аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Шымкент мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу кеңесінің мүшесі, облыстық әкімшіліктен тыс ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Кемел» әйелдер клубы басқармасының төрайымы.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығының иегері, Шымкент қ-ның құрметті азаматы. Қай қызметте болса да, ол өзін қаланың нағыз патриоты ретінде көрсетті. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды. Шымкент қалалық Мәслихатының 1996 жылғы 18 қазанындағы XV сессиясының № 186 қаулысымен К.Т.Әліповаға, қаланың әлеуметтік экономикалық және мәдени саласының дамуына және тұтыну кооперациясы кадрларын даярлауға қосқан үлесі үшін «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.