C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\55. Айтжанов Мырзағали Құланұлы.jpg

Айтжанов Мырғазы Құланұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында туылған.

1989 жылы М.О.Ауезов атындағы Педагогика институтына түсіп, 1993 жылы Шымкент педогогика дене тәрбиесі интитутын дене тәрбиесі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. ОҚО №1 Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылган спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы қызметін атқарған.

2000-2009 жылдар аралығында ОҚО-ның аға жаттықтырушы қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап Бокстан ересектер ұлттық құрама командасының бас бапкерлігіне тағайындалып, Республикамыздың намысын абыроймен қорғап жүр. Көптеген Қазақстан Республикасының спорт шеберлерін, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, жастар мен жас жеткіншектер арасында Әлем, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлерін даярлап шығарды. 8 Халықаралық дәрежедегі спортшыларды және 10 спорт шеберін дайындаған. 2005 жылы Миньянгта өткен Әлем Чемпионатында Е.Шыналиев қола медальді сонымен қатар 2007 жылы Мароккода өткен Әлем Чемпионатында Б.Жакыпов қола медальді жеңіп алды. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған Еркебұлан Шыналиевтің және 5 орынға ие болған Біржан Жақыптоң жеке жаттықтырушысы.

М.Қ.Айтжанов бокстан 1987 жылғы Қазақстан Республикасының «Спорт шебері», 1988 жылы Қазақстан Республикасының «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 2007 жылы Қазақстан Республикасына «Еңбек сіңген жаттықтырушы».

Сайрам ауданының, Шымкент қаласының құрметті азаматы».